25.05.2016, 10:14
Оқылды: 16

Қаратөбе аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізеді...

sot   Қаратөбе аудандық соты сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуі мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлайды.


  Ашық есік күні 2016 жылдың мамыр айының 31-і күні сағат 10.00-18.00 аралығында Қаратөбе ауылы Ғ.Құрманғалиев көшесі, құрылыс 2 мекен-жайында орналасқан Қаратөбе аудандық сотының ғимаратында өткізіледі.

   «Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып, сауалдарын қоюға мүмкіндіктері бар, - дейді Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Бақытгүл Жәңгірова.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале