5.07.2016, 15:04
Оқылды: 28

Қаратөбе ауданында Меморандумға қол қойылды

Қаратөбе

Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында бүгін аудандық соты мен  әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою салтанаты оздырылды.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбевтың «100 нақты қадам - ұлт жоспары» бойынша бес басты институционалды реформаның бірі заң үстемдігін арттыруды көздеген маңызды шарада аудандық соттың төрайымы Бақытгүл Жәңгірова мен аудан әкімі Асхат Шахаров сөз сөйледі.

Қаратөбе

Қаратөбенің аудан әкімі Асхат Берлешұлы аудан көлемінде, әкімдік пен аудандық сот арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою туралы шешімге келдігін,  Меморандумға қол қоюдағы басты мақсаты – сот істерін жүргізу кезіндегі ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану, яғни медиацияның рөлін көтеру, сотқа дейінгі және соттан тыс институттарды жан-жақты дамыту, жетілдіру болып табыладығын мәлімдеді. Сонымен қатар құжатта әрбір көрсетілген бағыт бойынша орындалатын тапсырмалар кеңінен көрсетіліп, талданып, жұмысты жандандыру бойынша нақты шаралар көзделгендігін айтты.

www.zhaikpress.kz
Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале