11.02.2016, 10:48
Оқылды: 14

Қаратөбе ауданында партия конференциясы өтті

Karatobe konferensia   10 ақпан күні Қаратөбе ауданында «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының ХІХ кезектен тыс конференциясы оздырылды.

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалық етуімен өткен «Нұр Отан» партиясының конференциясының күн тәртібінде үш мәселе қаралды.


 «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық.» атты партияның сайлауалды бағдарламасын талқылау, «Нұр Отан» партиясынан Қаратөбе аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер ұсыну және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХVІІІ конференциясына делегаттар сайлауды күн тәртібіне қойды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов баяндама жасады. Партия ардагері Еркінбек Жәнібеков пен аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айдана Төлегенова пікірлерін ортаға салып, партия бағдарламасына қолдау көрсетуге шақырды.

Күн тәртібіндегі екінші, үшінші мәселе бойынша аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер ұсынылып және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХVІІІ конференциясына делегаттар сайланды.

Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының ХІХ кезектен тыс конференциясының қаулысы қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы    

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале