11.06.2015, 15:39
Оқылды: 29

Қаратөбе ауданында «Сыбайластықты қоғам болып жеңеміз!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Karatobe redakciaga   Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде «Сыбайластықты қоғам болып жеңеміз!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шара құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен танысу, заң нормаларын орындау, оны құрметтеу мақсатына негізделді.

Шара аясында аудан прокурорының көмекшісі Райхан Мұқанова, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Шынар Тұңғатарова, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог-маманы Әмірбек Жәнібековтер сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсінік берді.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы «Заң және заман» клубының жұмысы жөнінде кітапханашы Динара Мұзафарова баяндады.

Қатысушылар назарына «Жемқорлықсыз өмір» бейнекөрсетілімі ұсынылды.

Мәдениет қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға арнайы мамандар жауап қайтарды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале