25.12.2015, 10:41
Оқылды: 31

Қаратөбе ауданында терроризмге қарсы комиссия отырысы оздырылды

Terorizm    Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы оздырылды.

Аудан әкімі Асхат Шахаров төрағалық еткен отырысқа комисия мүшелері, БҚО, ҰҚК Сырым аудандық бөлімінің бастығы, майор Ағыбай Сакулов, ауылдық округ әкімдері қатысты.


Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мербол Есендосов:

- Ақпараттық насихатшы топтардың азаматтарды құқық қорғау органдарымен және осы саладағы арнаулы мемлекеттік органдармен белсенді ынтымақтастық жасауға жұмылдыру мақсатында бұқара халыққа терроризмге қарсы күрес мәселелерін түсіндіру жұмысының нәтижелері және осы топтардың мүшелері дайындығының деңгейін жоғарылату мақсатында атқарылған жұмыстарын қорытындылады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселес сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңсыз қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, есірткі қолданушылар, психотроптық заттар айналымын болдырмау бағытында, сондай-ақ көші-қон процесі мен ақпараттық-коммуникациялық жүйені пайдалану тәртібін реттеуді жетілдіру бағытында құқықтық шараларды жүзеге асыру барысы туралы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Сәбит Нұрмағанбетовтың  хабарламасы тыңдалды.

Аудан бойынша ТҚК үстіміздегі жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, келер жылда атқарылатын міндеттер және де ТҚК 2016 жылға жоспары турасында аудан әкімі аппаратының басшысы, терроризмге қарсы комиссия жанындағы жұмыс тобының басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев  баяндама жасады.

Отырысты қорытындылаған аудан басшысы Асхат Шахаров алда атқарылатын жұмыстарды пысықтап, жоспарлы жұмыстардың орындалуына талап қойды.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале