16.11.2015, 9:57
Оқылды: 33

Қаратөбе ауданында төрт бірдей ауылда газ алауы жағылды (ФОТО)

2015-11-14 17.35.58   Қаратөбе ауданының Егіндікөл, Қоскөл, Шалғын және Ханкөл ауылдарына «көгілдір отын» жеткізілді.

Ұзындығы 80 шақырымға жететін газ құбырын тартуға 706 млн. теңге бөлінген болатын. Екі жылға созылған жұмысты мердігер "KazConstructionGroup" ЖШС (бас директоры Мұратбек Мұхамбедиев) атқарып шықты.

Аталған ауылдарда 13 қараша күні ұйымдастырылған газ алауын жағу салтанатына қатысқан аудан әкімі Асхат Шахаров тұрғындарды осынау қуанышымен құттықтап, Елбасы тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік хал-жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. «Көгілдір отынның» келуі ауыл халқын от жағып, күл шығару машақатынан құтқарып қана қоймай, басқа да игіліктерге қол жеткізеді, соның ішінде кәсіпкерліктің дамуына қарқын қосады. «Мұның бәрі - «Нұрлы жолға» бастаған Елбасы саясатының, ел бірлігінің жемісі»,- деді А.Шахаров.

Karatobe gaz05 Karatobe gaz02 Karatobe gaz04

Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале