19.02.2016, 19:46
Оқылды: 26

Қаратөбе ауданында қоғамдық кеңес құрылды

????????????????????????????????????

   Қаратөбе ауданында V шақырылымдағы Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХХ сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі А.Шахаров, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, қоғамдық ұйым төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.


Сессияның күн тәртібінде қаралған аудандық Қоғамдық кеңес құру, аудан әкімдігі жанындағы «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы, аудан әкімдігінің құрамының өзгерістеріне келісу мәселелері бойынша аудандық мәслихат хатшысы Батырғали Тойшыбаев баяндап, мәслихат депутаттарынан ұсынылған мәселелерді қолдап дауыс беруге шақырды.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов «Қаратөбе ауданының  2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы туралы» хабарлама жасады.

«Қаратөбе ауданы аумағында автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкасының мөлшерін жоғарылату» және «Аудан аумағындағы елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы базалық ставкасының мөлшерін жоғарылату туралы » аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастарының басшысы Есенжол Ғабдраш хабарлама жасады.

Сессияда сөз алған Батпақкөл сайлау округінің депутаты Нұрлан Меңдешов жастарды ауданға жұмысқа тарту, үш тұғырлы тіл саясатын дамыту бағытында аудан орталығынан ағылшын тілі курсын ашу, денсаулық сақтау мәселесінде ана мен бала өлімін азайту, ауыз су мәселесі шешілмеген елді мекендерді сумен қамту жұмыстары өзектілігін жоймайтындығына тоқталып, ауданның 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын қолдауға шақырды.

Сессия күн тәртібіне ұсынылған барлық мәселелерді аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.

Отырысты аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Оразов жүргізіп отырды.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале