13.06.2016, 10:30
Оқылды: 21

Қаратөбе ауданында «ҚР спорт шеберлігіне үміткерлер» саны артты

 Karatobedegi sport sheberligine ymitkerler   Соңғы жылдары Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері республикалық спорттық жарыстарда жетістіктер биігінен көрініп, олжалы оралып жүр.


   «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығына сай «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» спорттық разряды Руханият Ертайұлы, Қуаныш Саламатов, Сүйесін Құмаров, Жібек Сағындық, Әсем Оңғароваға берілді.

    Спорт шеберлігіне үміткелер қол күресінен республикалық деңгейге дейін көтеріліп, аудан, облыс намысын қорғап жүрген жас спортшылар.

   Жас спортшылардың орасан зор табысқа жетуі Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрхат Нысановтың  еңбегінің жемісі екендігі даусыз.

www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале