3.06.2016, 10:03
Оқылды: 40

Қаратөбе ауданында ҰБТ сынағы басталды

karatobe UBTБүгін Қаратөбе ауданында талабы мен таланты тең түскен жастарды жоғары оқу орнына таза жолмен қабылдау ниетінде енгізілген Ұлттық бірыңғай тест сынағы басталды.


Білім бәсекесінің ашылу салтанатында мемлекеттік комиссия төрағасы Сатқан Өмірзақов, комиссия мүшесі Архат Сәлім сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол, сәт-сапар тіледі.

karatobe UBT (1)Салтанатты жиынға қатысушы ұстаздар мен оқушыларға, ата-аналарға аппеляциялық комиссия құрамы таныстырылды.

Аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Есенгүл Рабаева 2016 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің кейбір ерекшеліктері туралы баяндап өтті.

Айта кету керек, биылғы жылы аудан мектептерін 181 түлек бітіріп отыр. Оның 134-і ғана ҰБТ сынағына қатысуда. Түлектер №1, №3 аудиторияларда жұмыстануда.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале