25.01.2016, 16:49
Оқылды: 37

Қаратөбе ауданының жастары арасында қысқы спорт ойындары өткізілді

Karatobe sport aidini   Жалпы бұқара халық арасында спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Мұз əлемі шақырады..." атты аудан жастары арасында қысқы спорт ойындары өткізілді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында «Дені сау ұлт үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы тиіс, 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек» - деген болатын.


Қысқы спорт ойынының ашылу салтанатында сөз алған аудан əкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов жарысқа қатысушыларға сəттілік тілеп, жақсы ойын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! - деген  тілегін жеткізді.

Сайысқа "Қаратөбе" колледж студенттері, жас дəрігерлер, аудан жастарынан құралған құрама командалар қатысып, өзара бақтарын сынады.

Қысқы ойын өрнегі мұз үстінде конькимен эстафеталық жарыс, кедергілер арасынан өту, шарикті кедергілер арасынан алып жүру, жүргіш пойыз сайысы, кедергілер арасынан өтіп шарик тасу, капитандар сайысы шарттарынан тұрды.

         Жарыс  қорытындысында  І орынды "Қаратөбе" колледж студенттері, ІІ орынды аудан жастары командасы, ІІІ орынды жас дəрігерлер командасы иеленді.

Ойын барысында көзге түскен жекелеген қатысушылар "Үздік сырғанаушы" Бөгенбай Қайыпқалиев ("Қаратөбе" колледжі студенті), "Көрермен көзайымы" Айсұлу Дияшова, "Қысқы ойын серігі" Айболат Маратов (Мұхит атындағы ОЖББМБ) аталымдарымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале