11.05.2016, 13:07
Оқылды: 25

Қаратөбе ауданының әкімі – майдангер шаңырағында

????????????????????????????????????

   Қаратөбе ауданында Ұлы Отан соғысына қатысушы екі ардагер тұрады. Оның бірі аудан орталығының тұрғыны – Құрманғали Ысқақов.


    Бүгін Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагер Құрманғали Ысқақовтың шаңырағында болып, ақсақалды Жеңіс мерекесімен құттықтады.

     Ардагерді айтулы мерекемен құттықтаған аудан әкімі Асхат Шахаров майдангер ақсақалға облыс әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтау хатын, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының және «Uniserv» компаниясының құттықтау хаты мен мерекелік сыйлығын табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале