22.12.2015, 21:17
Оқылды: 34

Қаратөбе ауданы активінің Елбасы Жолдауын талқылаған жиналысы оздырылды

Karatobe joldau   Бүгін Қаратөбе ауданы мәслихатының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда:өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөніндегі аудан активінің жиналысы өтті. Аудан әкімі Асхат Шахаров төрағалық еткен жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Батырғали Тойшыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, мектеп, балабақша басшылары, кітапхана, мәдениет үйі меңгерушілері, ардагерлер және үкіметтік емес ұйымдардың, көшбасшы жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.


Актив жиынының күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі Асхат Шахаров баяндама жасады. Биылғы жолдауда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындап көрсеткен бес негізгі бағытты қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясаттың негіздері, жаңа әлеуметтік саясат бойынша аудан әкімі ауданда атқарылуы тиіс нақты шараларды анықтап, аудан әкімінің орынбасарларына, барлық бөлім, мекеме басшыларына және ауыл әкімдеріне жүзеге асыруды тапсырды.

Тапсырмалардың қатарында – аудандағы инфляциялық үрдістерге бақылау жасау және азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін болдырмау, мониторинг жүргізу, ауданымызда жүзеге асырылып жатқан барлық бюджеттік бағдарламаларға ревизия жүргізу және аудан бюджетінің шығындарын оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу, инвестициялар тарту мәселелері бойынша аудандық кеңес құру, ауданымыздағы инновациялық жобаларды дамыту, жекешелендіруге жататын объектілер бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу, тегін кәсіби техникалық білім беру жобасын халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша тиісті шараларды жүзеге асыру, сонымен қатар Елбасының Жолдауын аудан тұрғындары арасында насихаттау мақсатында ақпараттық насихат топтарын құрып, түсіндіру, талдау жұмыстарын жүргізу болды.

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың баяндамасынан кейін, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов, кәсіпкер Гүлдерай Шурина, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Еркінбек Жәнібеков пікір білдірді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Асхат Шахаров: «Алдағы уақыт жаңа міндеттер қоюда. Біраз жұмыстар атқарылды, бірақ атқарылатын жұмыстар одан да көп. Міне, сондықтан да көздеген мақсаттарымызды жүзеге асыру үшін біз «жұмылған жұдырықтай» бірлесе әрекет  етуге міндеттіміз», - деді. Жиналыс соңында актив жиынының қарары қабылданды. «Ауданның актив жиналысына қатысушылар Мемлекет басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын бірауыздан қолдайды және қойылған міндеттерді орындауға бар күш – жігерін жұмсайды» делінген қарарда.

Жиын соңында аудандық мәслихат депутаты, «Ермек» ШҚ жетекшісі Сәкен Жұмағалиевке аудан әкімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасын салтанатты түрде тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Нұрлан ҚҰМАРҰЛЫ

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале