19.05.2016, 19:24
Оқылды: 32

Қаратөбе ауданы жастары өзара пікір алмасты

Karatobe jastar   Аудандық білім беру бөлімінің мәжіліс залында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кеңес оздырылды.

    Кеңес жұмысына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов қатысып, ауылдық округтердегі жастар жетекшілерінің ой-пікірлеріне құлақ асты.


   Шара аясында ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуы, жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу, т.б өзекті мәселелер қозғалды.

    Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Рақымжан Оразов орталық жұмысы жөнінде баяндады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале