29.09.2016, 17:00
Оқылды: 54

Қаратөбе ауданы әкімі бір топ ұстаздарды қабылдады

????????????????????????????????????

  Бүгін  Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында мұғалімдер күніне орай аудан әкімі Асхат Шахаров  ел болашағы, білімді  ұрпақты  тәрбиелеуде өзіндік зор үлес қосқан  ардагер ұстаздар мен аудан мектептерінде елеулі еңбек етіп жүрген бір топ ұстаздарды қабылдады.


  Мәртебелі  мамандық  иесі – ұстаздардың еңбегі ерекше. Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелде сөз сөйлеген аудан басшысы ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады.

     Асхат Берлешұлы аудандағы білім сапасы мен болашақ ұрпақ тәрбиесіне және осы салада тер төгіп еңбек етіп жүрген ұстаздар еңбегіне баса назар аударды. Әр салада озық еңбек етіп жүрген қаратөбелік жастардың қызметтегі жетістіктері туралы әңгіме өрбіді. Аудан басшысы осының бәрі ұстаздар еңбегінің жемісі екендігін тілге тиек етті.

       Ардагер  ұстаздар қаратөбелік Айғаным Төлегенова мен Илья Сәрсенғалиева, аққозылық Артық Байденов, Мұхит атындағы ОЖББМ ағылшын пәнінің мұғалімі Маржангүл Оразалина және тағы да басқа көптеген ұстаздар сөйлеп білім саласындағы бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне байланысты өз ойларын ортаға салып, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында білім саласында атқарылып жатырған игі істер мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.

         Аудан басшысы Асхат Шахаров ағылшын тілінің мұғалімі Маржан Оразалина мен ағылышын тілінде әңгімелесіп, ұстаз еңбегіне алғысын білдірді.

         Мерекеге орай  дөңгелек үстелге қатысушы ұстаздарға аудандық білім беру бөлімі атынан сыйлықтар табысталды.

                                                                 

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале