16.09.2015, 12:49
Оқылды: 23

Қаратөбе ауданы әкімі жерлес кәсіпкерді қабылдады

Karatobe biznesmen Қаратөбе ауданы әкімі жерлесіміз кәсіпкер Болат Смағұловты қабылдап, жылы шырайлы кездесу өткізді.

1968 жылы Қалдығайты ауылында дүниеге келіп,1974-1984 жылдары аталмыш ауылдағы орта мектепте білім алып, оны 1984 жылы «Алтын медальмен» бітіргенБолат Смағұловқа жерлестері дән риза.
Украина еліндегі Приднепровск мемлекеттік инженерлік құрылыс және сәулет академиясының түлегі Болат ағаның алғашқы еңбек жолы 1991 жылы академия қабырғасында «Металл және ағаш конструкциясы» кафедрасындағы жұмыстан бастау алады.

2003 жылдан «Укррезервуарсервис» кәсіпорнының бас директоры. Отбасында жары екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
Қой жылында кәсіпкер жерлесіміз Қалдығайты ОЖББМ-не қомақты сыйлық жасап, бір сыныпты толықтай компьютер құрал-жабдықтарымен қамтығанын барша ағайын біледі.

Кездесу соңында кәсіпкерге аудан басшысы Асхат Берлешұлы Қаратөбе ауданының тумасы жеке кәсіпкер Б.Смағұловқа ризашылығын білдіріп естелік сыйлық табыстады.

www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале