1.09.2016, 13:48
Оқылды: 34

Қаратөбе ауылында балаларға арналған ойын-сауық алаңдары салынуда

????????????????????????????????????

   «Өңірлерді  дамыту» бағдарламасына сай аудан орталығы  Қаратөбе ауылында төрт жерге  балалардың ойын сауық алаңы орындары салынды. Ғ.Құрманғалиев көшесінде, аудандық мешіт жанында, Темір ауылында, Шөптікөл ауылында орнатылған аталмыш ойын- сауық орындарын мердігер  Э.Аманғалиев жетекшілік ететін «Алтын ел» ЖШС  салған.


   Ауыл әкімшілігінің маманы Ерболат Бердіғалиевтің айтуына қарағанда, осындай ойын-сауық  орындарын округтің Үшағаш, Соналы ауылдарына орнату жоспарланған. Бұл жұмыстарды Қаратөбе ауылдық округіндегі  «Асан» дара кәсіпкерлігі жүргізбек.

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале