12.01.2016, 12:23
Оқылды: 32

Қаратөбе колледжі ұжымы мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласын талқылады

Karatobe   Қаратөбе колледжі  ұжымы  мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛТ  ЖОСПАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА БАСТАЙТЫН  ЖОЛ» атты  мақаласын талқылап, ел дамуына арналған маңызды құжатта айтылған мәселелерге орай өз ойларын ортаға салды.


Жиналысты аталмыш білім ордасы директорының  оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлжан Есендосова жүгізіп отырды.

Алқалы жиында аудан әкімінің орынбасары  Сатқан Өмірзақов  «Ұлт жоспары, 100 нақты қадам, 5 институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған  жоспарлы жұмыстар туралы айтып,  Елбасы мақаласындағы 5 реформа бойынша алға қойылған міндеттерді  орындау жолында жұмыла жұмыстануға шақырды.

  «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға арналған - бірінші реформаның мазмұны туралы колледж дің  оқытушысы Жаннұр Аманжолқызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, Заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға негізделген – екінші реформа бойынша колледж оқытушысы Гүлжан Мағзомқызы, индустрияландыру және экономикалық  өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар кешенімен байланысты-үшінші реформаторлық бағытқа сай колледж оқытушысы Бақыт Сергейқызы, қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мәнін, транспарентті және есеп беретін мемлекет қалыптастыруға  бағытталған – бесінші рефрома шеңберінде  колледж оқытушысы Ақзат Қайдарқызы түсініктер берді.  Колледж ұжымы Елбасы мақаласында қамтылған  мәселерді жүзеге асыруға белсене  ат салысатындықтарын айтты.

Жиналыс барысында сөз сөйлеген ардагер ұстаздар  Мәжит Нүрекешов,  Бақтығали Үмбетқалиев  жаңа туристік нысындар мен маршруттарды дамытуға байланысты және ғылымды дамытуға арналған   істер турасында көкейде жүрген ойларын тарқатты.

Колледждегі жиналысқа аудан әкімінің орынбасары  С.Өмірзақов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы  М.Есендосов және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале