20.03.2016, 12:28
Оқылды: 25

Қаратөбе тұрғындары өз таңдауларын жасауда

????????????????????????????????????

   Бүгін Қаратөбе ауданы орталығында №277 Қаратөбе және №278 Жаңақоныс сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтуде.


Таңғы 7 де сайлау учаскесіне дауыс беруге жиналған халық алдында сөз сөйлеген ең жас сайлаушы Бақдәулет Жолдығалиев тұрғындарды сайлау науқанының басталуымен құттықтады. Қоғам өмірінде маңызды болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруді азаматтық борышы санайтын, ел болашағының жарқын болуына өз үлесін қосуды міндетім деп білетін Бақдәулет алғашқы рет өз таңдауын жасап, дауысын берді.

Мемлекетіміздің гүлденуі мен дамуына тікелей қатысы бар сайлау науқанына Қаратөбе ауданының халқы белсенді қатысуда.

Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының  мәліметіне сай сағат 10-ға дейін 1821 сайлаушы дауыс берген. Бұл сайлаушылардың 19,23 пайызын құрады.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале