1.07.2015, 21:17
Оқылды: 23

Қаратөбе өңіріндегі келбеті келіскен келелі іс

Karatobe02    Бүгін Қазақстанның елордасы – Астана күніне орай Қаратөбе ауданында жаңадан бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимаратының ашылу салтанаты оздырылды.

Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған жоба құны 286,8 млн. теңгені құрайды. Кешенді жабдықтаушы мердігер ұйым – «Тараз сәулеті» ЖШС. Жобалау қуаттылығы 160 көрерменге арналған.

Салтанатты шарада 2013 жылы өткен «Қазақстан барысы» турнирінің облыстық кезеңінің 55 келі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпазы Бауыржан Шүрмен, бас мердігер «Тараз сәулеті» ЖШС-нің қаржы директоры Ерлан Аткиев сөз сөйледі. Бас мердігер атынан ғимараттың символикалық кілті кешен директоры Дулат Қоламановқа салтанатты түрде табыс етілді.

Лента қию рәсімін облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев, 1979 жылы ауданымызда ашылған спорт мектебінің алғашқы директоры, 2011 жылы елімізде өткізілген Азиада ойындарының құрметті қонағы, спорт ардагері Серік Бірәлиев пен 1980 жылы Мәскеу қаласында өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының құрметті қонағы, ардагер спортшы, аудандық мәслихат депутаты Мағзом Есендосов жүргізді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале