18.10.2016, 11:23
Оқылды: 24

Қаратөбе өңіріндегі тағылымды акция

%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d2%b1%d1%80%d1%82-%d0%b0%d2%93%d0%b0%d1%88%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%be%d1%82%d1%8b%d1%80%d2%93%d1%8b%d0%b7%d1%8b%d0%bb%d0%b4 Қаратөбе ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 игі іс» акциясы аясында Жусандыой, Қоскөл, Егіндікөл ауылдық округтеріндегі саябақтар мен мектеп, мекеме аулаларына алма және алмұрт ағаштары отырғызылды.


 Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығынан бастау алған игілікті шараның көші алдымен Жусандыой ауылдық округіне табан тіреді.

 Жусандыой ауылында өткен шарада Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев сөз сөйлеп, эстафета кубогін Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиевке салтанатты түрде табыс етті.

 Елді мекендерді абаттандыру мақсатын басты ұстаным еткен іске ауылдың белсенді жастары да ұйымшылдықпен атсалысты.

 Эстафета көші Қоскөл, Егіндікөл ауылдық округтерінде де болып, белсенді жастар ауылдың көрікті жерлеріне жас көшеттер отырғызды.

 Аталмыш ауылдық округтердің әкімдері Берік Жақсығалиев, Абат Зейнуллиндер ізгілікті шараның маңыздылығына баса тоқталып, эстафетаны салтанатты түрде қабылдады.

  «25 игі іс» акциясы аясында өткен шараға ауылдық округ әкімдері, «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының орынбасары Нұрлан Оразов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов, аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Дулат Қоламанов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрхад Оңалбайұлы т.б. қатысты.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале