7.06.2016, 17:18
Оқылды: 24

Қаратөбе өңірінде – бір топ ғалымдар

????????????????????????????????????

    Қаратөбе ауданы әкімі Асхат Шахаровтың қабылдауында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінің эпизоотология, паразитология және ветеринарлық санитарлық сараптау кафедрасының меңгерушісі, доцент, ветеринария ғылымдарының кандидаты Біржан Нұрғалиев бастаған бір топ ғалымдар болды.


   Кездесу барысында «Сатыбалды» шаруа қожалығымен келісім шартқа сәйкес атқарылған жұмыстар жөнінде сөз қозғалды.

   Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Шәлменов «Ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы, инвазиялық ауруларын анықтау, алдын алу және ветеринарлық санитарлық сараптау» тақырыбындағы бірқатар мәселелерді талқыға салды.

   Кездесуге ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Махамбет Ғұсманов және магистр оқытушы Ербол Сенғалиев те келді.

   Қабылдаудан соң ғалымдар «Сатыбалды» шаруа қожалығына ат басын бұрып, ішек құрт ауруларын анықтау, малдарды сояр алдында тексеру және сойғаннан кейін ветеринарлық-санитарлық сараптау өткізу бойынша жұмыстар атқарды. Фекаль сынамаларына тексеріс жүргізіліп, инфекциялық аурулардың алдын алу жолдары көрсетілді.

   «Сатыбалды» шаруа қожалығында өткен шараға аудандық ветеринариялық бөлімнің басшысы К.Аймашев, аудандық ветеринариялық станцияның директоры М.Сенғалиев және аталмыш шаруа қожалығы жетекшісі Қ.Мұқанов қатынасты.

www.zhaikpress.kz

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ

Қуанышәлі БАЯНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале