22.04.2016, 19:09
Оқылды: 28

«Қаратөбе өңірінде» - жаңа редактор

????????????????????????????????????

     Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровтың келісімімен «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллиннің №50 бұйрығы негізінде «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе аудандық филиалы – «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы қызметіне Ертай Сағындықұлы Бимұханов тағайындалды.


     Жаңа басшыны «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясы ұжымына таныстырған аудан әкімі Асхат Шахаров жаңа басшыға алдағы уақытта шығармашылық табыс тіледі. Елбасы саясатын, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы оңды істерді насихаттау, өңір тарихы мен мәдениеті турасында тың серпінмен қызмет етуге шақырды.

     Бимұханов Ертай Сағындықұлы алғаш еңбек жолын 1995-2000 жылдары Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі боп бастаған. 2000-2003 жылдары аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері, 2003-2005 жылдары Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы директорының орынбасары, 2005-2006 жылдары Қаратөбе мектеп-гимназиясы директорының орынбасары, 2006-2008 жылдары аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің бас редакторының орынбасары, 2008-2013 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалы директоры қызметтерін атқарды. 2013 жылдан күні бүгінге дейін журналист.

     Жаңа басшыны құттықтап сөз сөйлеген облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов Е.Бимұхановқа толайым табыс, шығармашылық жетістік тіледі.

     Аудан басшысы Асхат Шахаров бұған дейін редакторлық қызмет атқарған Нұрлан Меңдешовке алғысын жектізді.

      Ал, филиал директорлығына тағайындалған Ертай Бимұханов болса, «халықтың тілі, құлағы һәм тілі» газет абыройын көтеруде аянбай еңбек ететіндігін тілге тиек етті.

  www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале