2.03.2016, 19:30
Оқылды: 26

Қаратөбе өңірінде «Жұлдызай» фестивалі оздырылды

????????????????????????????????????

Қаратөбе мектеп-гимназиясында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «BI Жұлдызай» даму мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы фестивалі оздырылды.

Шараның басты мақсаты - өмірге көзқарасы түзу, алдағы күндерге үлкен үмітпен қарайтын жас достардың шығармашылығына қолдау көрсету.


Фестивальді құттықтау сөзбен ашып, сөз сөйлеген облыстық білім басқармасының инклюзивті, арнаулы білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы Ерік Тұяқов қатысушыларға сәттілік тілеп, байқау мақсат-міндеттеріне тоқталды.

Ауданның ауылдық округтерінен келген 22 даму мүмкіндігі шектеулі бала сахна төрінде ән салып, би биледі. Даму мүмкіндігі шектеулі балғындар шырқаған әндер туған жер, Отан, достық тақырыбына арналды.

Фестиваль қорытындысында аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале