18.10.2016, 9:17
Оқылды: 25

Қараөзенде отбасылық сайыс өтті

tolagai-saiys       Қараөзен ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және қайырымдылық айлығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында «Толағай» отбасылық сайысы оздырылды.

Сайысқа «Қыран» тобынан Ихсановтар отбасы, «Шаңырақ» тобынан Бекқалиевтар отбасы, «Тұлпар» тобынан Тулеуғалиевтар отбасы қатысты. Әр топ өздерінің  ұрандарымен таныстырып сайыс 6 тур бойынша өтті. Әділқазылар өздерінің әділ бағаларын беріп, сайыс қорытындысы бойынша «Тұлпар» тобы I орын, «Шаңырақ» тобы II орын, «Қыран» тобы III орынды иеленді. Командалар мадақтама грамоталармен, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Әлеуметтік қызметкерлер осы сайысқа демеушілік еткен жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалық жетекшілері Т.Татпанов, Г.Кенжеғалиева, Ж.Жақсымбетова, Б.Хусайынов, К.Тулеуғалиева және Қараөзен мектеп-лицейімен мәдениет қызметкерлеріне алғыстарын білдіреді. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің құрдасы I топ мүгедегі Нұрсұлтан Жәрдемовке Қараөзен әкім аппаратының бас маманы А.Мұстақапова өз атынан ұялы телефон табыс етті.

Тұрарбек Қайырғалиұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале