25.12.2015, 21:04
Оқылды: 30

Қариялардың батасын алды

 Akjayik karialardin batasin  Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов аудан орталығындағы қариялардың үлкен тобын келе жатқан Жаңа Жыл мерекесіне орай қабылдап, қошемет көрсетті. Ол алдыңғы толқынның еңбек, ерлік, имандылық қасиеттері ауыл-еліміздің қазынасы болып табылатын әңгімелеп, ата-әжелерге ғұмырдарияның, ұрпақтарының қызығына бөленудің тіледі.


Ауыл кәсіпкері Құрманғазы Жақсыбаевтың қолдау көрсеткен демеушілігімен қарияларға «Гүлназ» тойханасында кең дастарқан жайылды. Олардың құрметіне көркемөнерпаздар ән әуелетіп, күй күмбірлетті.

www.zhaikpress.kz  

Еркін РАЕВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале