24.10.2016, 11:34
Оқылды: 20

Қарияларды құрметтеді

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%82%d1%82%d0%b5%d0%b4%d1%96  Жәнібек ауданы Тау ауылында  қарияларымызды қадірлеу, құрмет көрсету мақсатында  «Көпті көрген қариялар, ақылы мол - дариялар» атты ауыл қарияларымен кездесу болып өтті. Кеште Тау ауылдық округінің әкімі К.Еркеғұлов ардагерлерге жарқын да алаңсыз ғұмыр тіледі. Жиында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Атошев құттықтау сөз сөйледі.


  Шара барысында Ж.Жұбан «Бала арманы», А.Қадырова «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады» өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіріп орындаса, С.Мұхтар «Мен қазақтың қызымын», А.Әнуарова «Анамнан алғаш туғанда» әндерін шырқады, «Асыл» тобының орындауындағы «Қазақ биі» кешті қыздыра түсті. Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге  байланысты көрсетілген бейнефильмнің жастарға берер тәрбиелік маңызы зор болды. Кеш соңында қариялар атынан А.Құрмашева, Б.Нұрғалиева жастарға алғыс айтса, көпті көрген кейуана Ш.Ұтыпова батасын берді.

                                                                                    Н.Өтей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале