2.10.2015, 16:15
Оқылды: 22

Қарияларға арналған концерт  

 

kaztalov karialar koncert   Қазталов аудандық мәдениет үйінде «Қариялар күніне» арналған «Қариялы ел – қазыналы ел» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекеге жиналғандарды Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, аудан әкімі аппаратының басшысы Артур Берденов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев құттықтап, үлкендерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Сонымен қатар еңбек ардагері Қуанышқали Ермекқалиевті мерейлі 70 жасқа толуына орай  алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты.

Мерекеде аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары концерт қойды. Концерт өте тамаша өтті. Әншілер өздерінің айтатын әндерін тапты...Бүлдіршіндер мың бұрала биледі. Көрермен риза болып, қол соқты. Жарайсыңдар, өнерпаздар!

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале