24.10.2016, 11:43
Оқылды: 24

Қарияларға арналған мереке

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d1%80%d2%93%d0%b0-%d0%b0%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5  Шыңғырлауда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшілігімен  мерекелік  іс-шара өтті.  Аталмыш шара  барлық  ерік - жігерін ұрпағының жарқын болашағы  үшін арнаған қарияларымыздың,  аға ұрпақ өкілдерінің  төл  мерекесіне орай  «Қарттарым -асыл қазынам» атты  концерттік бағдарламамен өрнектелді.


 Мереке «Нұр Отан» партиясы  аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары  С.Бәйтенованың  құттықтауымен ашылып, аудандық  мәдениет бөлімі қызметкерлерінің  әзірлеген концертімен  жалғасты.

  Сахна төріне аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Султанов шығып  барша жиналғандарды   мерекемен құттықтаса,  ал осы бөлімнің қызметкерлері  залда отырған  зейнеткер қария әжелер мен аталарға сыйлықтарын  ұсынды.

  Осы мерекеде ауданымыздың құрметті азаматы, зейнеткер  А.Тасмағанбетов замандастарына зор денсаулық, мамыржай қарттық, шуақты күндер тіледі.

Нұргүл Жұмағұлова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале