9.10.2015, 11:05
Оқылды: 26

Қарияларға концерт қойды

Kaztalov karialarga konsert koidi    Жалпақтал ауылындағы Қазталов аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі әлеуметтік мекемесінде қайырымдылық айлығы аясында Бостандық ауылдық округі қамкөңіл жандарға концерт қойды.

«Нұр Отан» БПҰ-ның төрайымы, «Тоғжан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алтын Ақбаева бастаған делегация қарттар үйінде тұрып жатқан 4 жерлесіне құрмет көрсетті. Мұнан кейін Бостандық ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Жәмилә Айболатова, «Асыл әжелер» ансамблінің жетекшісі Гүлбану Шынтемірова және мәдени қызметкерлер өз өнерлерін ортаға салып, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың ризашылығына бөленді. Қамкөңіл жандар қуана қол шапалақтап, жас балаша қуанып мәз-мейрам болысып қалды. Сонымен қатар бостандықтар қарияларға арнап мерекелік дастархан жайды. Концерттен кейін  бүгінгі игі шараны ұйымдастырған Бостандық ауылдық округінің өнерпаздарына, «Асыл әжелер» ансамбліне рахмет айтып, тілектестік білдірді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале