14.03.2016, 18:10
Оқылды: 38

Қарияларға көрсетілген құрмет

IMG_5070   Наурыз айының 14  жыл басы, Ұлыстың ұлы күні болып есептеледі.

Көрісу күні Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Жұмабай Байғалиев, Гүлжамал Жұмағазиева, Қалампыр Жұбаниязова, Берік Темірғалиев, Ақманар Айдынғалиева қазақтың сақталған дәстүрі бойынша, ауданда тұратын соғыс ардагері Сүйеу Ығылманов атайдың үйіне барып үлкендермен көрісіп, сый-кәделерін ұсынып, тілектерін айтып, ән шашуларын арнады. Сүйеу атай мен әжей  көрісе барғандарға Наурыз көже мен ақтан дәм ұсынып, үлкенге ізет білдіріп, салт-дәстүрді сақтап жүрген жастарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.


Сол күні осы топ аудандағы қарттар үйінде тұратын қарттарға да көрісе барып, денсаулық тілеп, әуелете ән шырқап, көңілдерін көтерді. Шынайы тілектерге марқайған үлкендер  келгендерге баталарын беріп, бір жасап қалды.

www.zhaikpress.kz

А.Байғалиева

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале