30.10.2015, 10:28
Оқылды: 25

Қарияларға құрмет көрсетілді

 

ZH-350x3501Жылдағы дәстүр бойынша Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мүсәлімова бастаған бір топ делегация қайырымдылық айлығы аясында Орал қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мемлекеттік мекемесінде болды. 

Сол жерде тәрбиеленіп жатқан жерлестерімізге аудан әкімі мен тұрғындардың ыстық сәлемін жеткізген  Люция Әсетқызы аудан бойынша атқарылып жатқан игі істерді де тілге тиек етті.

Содан соң ауданымыздың шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерінің демеушілігімен дайындалған мерекелік дастархан жайылып, ас берілді. Әр адамға жеке-жеке ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.

Одан әрі шара аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының дайындаған мерекелік концертімен жалғасты.

Жоқтаушылары жоқ кейбір жерлестеріміз артынан осындай іздеушілерінің барына қуанып, алғыстарын білдірді.

Осылайша тасқалалықтар айлық аясында тағы да қариялардың алғысын арқалап қайтты.

www.zhaikpress.kz

Р.Сатыбалдиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале