1.10.2015, 11:00
Оқылды: 33

Қарияларға құрмет көрсетілді  

 

1 (2)Халықаралық қарттар күні қарсаңында құрамына ардагерлер ұйымы, кадр жұмысы бөлімі өкілдері, бөлімше басшылары енген бастамашыл топ жасы ұлғайған 45 сала ардагерінің үйіне барып құттықтап, қаржылай жәрдем көрсетті.

2 (2)Мұндай қамқорлық шарасын өткізу департаментте игі дәстүрге айналған. Осы кездесуді асыға күтетін егде жастағы ардагерлеріміздің қуанышты жүздерін көрудің өзі бір ғанибет! Олардың көбі департаменттің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, жеке құраммен, мектеп оқушыларымен кездеседі, оларға соғыстан кейінгі қиын жылдар, Отанды сүю және патриоттық сезім туралы әңгімелейді.

Құттықтаушылар ардагерлерге салаға сіңірген еңбегі үшін жылы лебіздерін айтып, зор ықылас білдірді. Қариялар да өздерін еске алып, көрсетіп жатқан құрметтеріне риза болып, алғыстарын жаудырды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖ департаментінің

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале