4.12.2015, 12:51
Оқылды: 54

Қариялар, сарқылмас дариялар...

Bokei karialar sarkolmas darialar     Бөкей Ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов, орынбасары Лариса Қайырғалиева, мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Таңатов Ұлы Отан соғысының ардагері, тоқсанның тұғырына қонақтаған Камал ата Нарболовтың шаңырағында болып,  майдангердің хал-ахуалын біліп, сый-сияпат тарту етті.


Кезінде салауатты өмір салтын ұстанған қария кәріліктің кемеліне жетіп отырса да, құлағының ауырлау еститінін бір ғана сөзбен:

–Сендердің не айтып жатқандарыңды жөнді ести алмай отырмын. Дұрыс түсінбей қалсам, айып етпеңіздер!-деп ілтипат білдіре тіл қатып, осынау ат үстіндегі азаматтардың елеп-ескеріп келіп жатқандарына алғысын жаудырды. Жақсы күтіммен отырған қадірлі қарияның  мәдениеттілігі мен жинақылығы алып бәйтеректің реңі өзгерсе де, тамыры тереңде қалатынының дәлеліндей көрінді бізге. Келгендер қарияның қыз-күйеуі Нәйлагүл  Камалқызы мен Қуандық Елемесұлының дастарханынан дәм татып, ардагердің алдағы мерекелі күндерді де ұрпақтарымен бірге қарсылауына тілектестік білдірді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале