1.10.2015, 15:06
Оқылды: 26

Қариялар үйіндегі жылы жүздесу

 Kaztalov karialar yindegi kezdesu   Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Қазталов аудандық медициналық-әлеуметтік мекемесінде болды.

1 қазанда басталған қайырымдылық айлығы ауданымызда ұйымшылдықпен, жоғары дәрежеде өткізілері сөзсіз. Қариялар күні егде адамдарға құрмет көрсетіп, ізеттілік танытты. Жалпақтал ауылында орналасқан қарттар үйінде бұл күнде 48 адам тұрып жатыр. Балалары жоқ, отбасынан айырылып, қамкөңіл күй кешкен қариялар мен тағдыр тәлкегіне ұшырап, мүгедек болып қалған жандарға қайырымдылық қолын созып, қамкөңіл көңілдерін сергіту – көпшіліктің парызы. Міне, сондықтан да 1 қазан халықаралық қариялар күні деп аталса, 7 қазан Пре­зидентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мүгедектер күні болып белгіленді. Осы бір айтулы күндерге орай аудан әкімінің орынбасары қарттар үйіне бас сұққанын осында тұрып жатқан қариялар жақсылыққа балады. Ең алдыменен аталмыш мекеменің басшысы Асқар Құрбанбайұылы өзінің тілегін білдірді,

–Қайырымдылық айлығының бірінші күнін сіздерден бастауымның өзіндік себебі бар, – деді Зәйлім Исатайқызы. – Отбасынан айырылып, мемлекет қарауына көшкен сіздердің жағдайларыңызды жақсы білемін әрі түсінемін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан бұл күнде дамыған елдердің қатарына қосылуға талпыныс жасауда. Міне жаңадан салынған керемет ғимаратта тұрып жатырсыздар. Сіздердің алаңсыз тұруларыңызға қолдан келгенше көмек жасалуда. Мемлекетіміз бар өмірін біздің жарқын күндерімізге жұмсаған қарияларынан қаражатты аямайды, қамқорлығын күшейте беретін болады. Біз сіздерге алдағы уақытта да келіп, мұң-мұқтаждарыңызды тыңдап, көмектесіп тұруға әзірміз.

Бұдан кейін ұжым қызменткерлері мен қамқорланушылардың мерекелік концерттік бағдарламасы оздырылды. Қариялар үйінің қамқорланушысы, еңбек ардагері Гүлжамал Кереева аудан әкімшілігіне және келген қонақтарға қамқорлығы үшін қарттар атынан ризашылығын білдіріп, сәтті қадам тіледі.

Бұл күні Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, Жалпақтал ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Шынболат Өтешқалиев бірге болды

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале