16.11.2015, 16:15
Оқылды: 25

Қариялар ұрпақ тәрбиесіне алаңдаулы

Taskala karialar yrpak tarbiesine alandauli   Тасқала ауданы әкімі Санжар Әлиев  жылдағы дәстүр бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы   аясында ауданымыздың өсіп өркендеуіне өзіндік үлес қосқан ел ағалары, яғни,  соғыс және еңбек ардагерлерімен  бас қосты.

Аталмыш жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы С.Рахимов, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, сондай-ақ Тасқала ауылдық округінің әкімі С.Өтемісова қатысты.

Жиналғандар алдында сөз алған аудан басшысы Санжар Жұматайұлы аудан көлемінде атқарылып жатырған игі істердге тоқталды.

Жиын барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан игі істер де назардан тыс қалмады. Алда істелетін жұмыстар да әңгімеге арқау болды.

Әсіресе, ақсақалдар тарапынан көтерілген аудан орталығындағы кейбір көшелерге ауыз су тарту және жол жөндеу мәселелерімен қоса, жастар тәрбиесі де тілге тиек болды.

Емен-жарқын отырып сөйлескен үлкендер тазалық мәселесін де ұмыт қалдырмады. Дөңгелек үстелде сөз алған С.Ілиясов, Б.Өтегенов, С.Жұбанышалиев, М.Жәнекенов, Б.Тасмағамбетов, А,Жұбанышев, Қ.Айманов  сынды ардагерлердің тарапынан қойылған  сұрақтарға толықтай жауаптар қайтарылды.

Әсіресе, қариялар балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, демалыс кездерінде аудандық мешіттің жанынан жастарға арнап аят үйретіп, уағыз айтатын, жалпы имандылыққа тәрбиелейтін үйірмелер ашылса, ұрпақ тәрбиесіне аз-кем болса да үлесі тиер еді  деген ойларын да жасырмады.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале