6.08.2015, 14:05
Оқылды: 20

Қарияны алдап соққан жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Akjayik aldap ketken   2014 жылдың желтоқсанында Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округіне көршілес Қазталов ауданынан 1977 жылы туған бір жігіт келіп, жұртқа тіс салуды бастайды. Оның алдына барғандар әрине, аз болған жоқ. 75 жастағы еңбек ардагері Ілияс Тоққалиев та оған жүгінеді. «Материал үшін керек» деп жігіт қариядан алдымен ақша сұрайды. «Тіс салып бітірген соң бермеймін бе ақшаны?» деген І.Тоққалиев дейтұрғанмен, оның әкесіндей адамды алдамас деген оймен 12 мың теңгені қолына ұстатады. Сөйтіп, кезегін күтеді. Өкінішке қарай, бірер күннен соң кеткеннен, тіс салушы шаңын да көрсетпейді. Сондықтан қария жуырда ауылдағы аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Серік Жұмашевқа шағымданады. Серік Батырғалиұлы жедел атқа қонады. Індетіп іздеу ақыры нәтижелі аяқталды. Қарияға қарасын көрсетпеген ол жігіт Оралдан табылды. Әлгі әрекетін мойындады, 12 мыңды иесіне қайтарды. Қазір қылмыстық іс жүргізілуде. С.Жұмашев Қабыршақтыда қызмет жасағанына 5 жылдай уақыт болды. Былтыр да ол бір ауылдастың ақшасын алып алдап кетушіні тапты. Биылдың өзінде Қабыршақтыда 3 мал ұрлығы ашылды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале