Зеленов аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы және пробация қызметінің ұйытқы болуымен аудан орталығындағы жалғызбасты қарияларға шартты сотталған жандар көмек көрсетті. Бұл қайырымдылық шара дәстүрге айналған.
Қалың қар басып, кіріп-шығуы қиындаған қариялардың аулаларын қардан тазартып, мұз ойып, артық қоқыстарын жинап, көмек көрсеткен білектілерге қарттардың алғысы да шексіз болды.
Сондай-ақ бұл игі іс тек қыс мезгілінде ғана емес, жылдың төрт мезгілінде де жалғасын таба бермек.
www.zhaikpress.kz
Б.Ескалиев,
ПҚ №1 инспекторы,
әділет аға лейтенанты
Зеленов ауданы