19.01.2016, 11:04
Оқылды: 21

Қарлы қыстағы қайырымдылық

Зеленов условникиЗеленов аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы және пробация қызметінің ұйытқы болуымен аудан орталығындағы жалғызбасты қарияларға шартты сотталған жандар көмек көрсетті. Бұл қайырымдылық шара дәстүрге айналған.


Қалың қар басып, кіріп-шығуы қиындаған қариялардың аулаларын қардан тазартып, мұз ойып, артық қоқыстарын жинап, көмек көрсеткен білектілерге қарттардың алғысы да шексіз болды.

Сондай-ақ бұл игі іс тек қыс мезгілінде ғана емес, жылдың төрт мезгілінде де жалғасын таба бермек.

www.zhaikpress.kz

Б.Ескалиев,

ПҚ №1 инспекторы,

әділет аға лейтенанты

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале