5.10.2016, 11:46
Оқылды: 23

Қарттарым аман жүрсінші!

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bc-%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d2%af%d1%80%d1%81%d1%96%d0%bd%d1%88%d1%96   Кей адамның көкейінде қандайда бір адамға жақсылық жасау үшін қалтаң қалың болу керек деген секілді ой қалыптасып қалған. Әсте олай емес. Қайырымдылық жасау үшін жағдайыңның асып-тасып тұруы міндетті емес.


  Жәй ған жұдырықтай жүрегіңнің түбінде имандылық пен мейірімділік болса болғаны. Жақсылық жасауға сол жетіп жатыр. Осы ретте қайырымдылық айлығы аясында Бөрлі ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы ауданымызға атбасын тіреп, аудандық қарттармен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік-медициналық мекемесінде болды.

Алыстан келген қонақтар алдымен қамкөңіл қарияларға арнап ақ дастарқан жайып, қарияларды мерейлі мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ аталмыш мекеме басшысына өздерінің алып келген естелік сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар шара барысында ақ жаулықты аналар мен ақ сақалды аталар аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Е.Елекенов
Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале