28.12.2015, 21:47
Оқылды: 22

Қарттарым асыл қазынам

 Zelenov ardager shisha   Зеленов ауданы әкімдігі аудан ақсақалдарына арналған жаңа жылдық кеш ұйымдстырды. Достық үйінде өткен салтанатты кешке аудан әкімі Кәрім Жақыпов, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан  Исмағұлов, аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров, ішкі саясат бөлімі басшысы Талшынай Жүнісова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бибігүл Ахметжанова және барлық ауылдық округтерден келген соғыс, еңбек ардагерлі қатысқан жиынның алғы сөзін алған Кәрім Каримоллаұлы: «Қай кезде де қарясын арда тұтқан қазақ болған соң еңбегімен елге сыйлы болған әр қариямызды аудан орталығына шақырып, жаңа жылдарымен құттықтауды жөн санадық.


Бұл кейінгі ұрпақтың аға ұрпақ алдындағы борышы»,-деп барлық жиналғандарды келе жатырған жаңа жылмен құттықтап, дендеріне саулық, отбасылары амандық тіледі. Кейін аудан көркемөнарпаздары қарияларға арналған шағын көріністерін қойып, қызықты ойындар мен түрлі викториналар арқылы көңілдерін көтерді. Әсіресе, ескі қой жылын шығарып салып, жаңа мешін жылын қарсы алу көрінісіне ақсақалдар мен кеуаналар қосыла кетсе, Наталья Сажина, Кәмшат Ситекова, «Скифы» вокалды тобы және тағы басқа өнерпаздардың салған әндерінің ырғағына ілесіп, шыршаны айнала билей жөнелді.  Содан соң жиналғандарды Рамазан Тастайұлы құттықтап, жаңа жыл жаңа табыстар әкелсін деген тілегін жеткізген соң ақсақалдар кеш ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале