28.10.2015, 11:00
Оқылды: 36

Қарттар үйіндегі кездесу

 

Орда карияБиыл да «Мейірбандылық күндері» айлығы аясында дәстүр бойынша Орал қаласындағы қариялар мен мүгедектерге арналған интернатқа бару ұйымдастырылып, бұл сапарды аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева бастап барды.

Онда өмірдің тауқыметін тартқан, әртүрлі қиыншылықты басынан кешірген оншақты жерлесіміз бар. Қариялармен кездесу өткізіліп, елдің жағдайынан хабардар етіліп, халықтың сәлемін де жеткіздік.

Өз кезегінде қариялар үйінің басшылығы бөкейліктерге ризашылықтарын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Б.ҚАРАҒОЙШИН,

аудандық жұмыспен қамту

орталығының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале