21.06.2016, 17:03
Оқылды: 23

Қартөбеде дөңгелек үстел өтті

????????????????????????????????????

  Қаратөбе аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының  аудандық филиалында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары «100 нақты қадамының»  заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі екінші бағытына сай «Адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету» туралы  22-қадамын іске асыру» атты дөңгелек үстел оздырылды.


  Күн тәртібіндегі мәселеге орай «Сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету» турасында Қаратөбе ауданы прокурорының міндетін атқарушы Ғалымбек Мұхитовтың баяндамасы тыңдалды.  Баяндамада қамтыланған мәселелерге байланысты  аудандық сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова, сот судьясы Олжас Миралиев  тергеу судьясының қызметі мен міндеттері туралы әңгімеледі.

  Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров тергеу процестеріне байланысты  азаматтардың конституциялық құқықтарының халықаралық стандарттарға сай қорғалуы және этиканың сақталуы туралы пікірін ортаға салды.

    Аталмыш шараға  аудан прокуратурасының прокуроры, 1-сыныпты заңгер Райхан Мұқанова,  аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Ермұқан Жұмағалиев және бөлім өкілдері қатысты.

www.zhaikpress.kz
Ерболат РАЙСОВ

  Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале