19.09.2016, 18:03
Оқылды: 28

Қарт майдангер - 90 жаста

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%82-%d0%bc%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d0%b5%d1%80-90-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0  Сонау сұрапыл соғыс жылдары ел үшін кеудесін оққа тосқан баһадүр майдангерлеріміздің ерлігі елге –мұра, ұрпаққа – үлгі.

Зеленов аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов және Рубежин ауылдық округ әкімі Айбар Жанабаев аталмыш ауылдың тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Старцевты торқалы 90 жасымен арнайы құттықтап барып, сый – сияпат көрсетті.


Меймандармен емен-жарқын  әңгіме құрған қарт майдангер  Александр Тимофеевич 1926 жылы жарық дүние есігін ашқан. Орынбор облысы, Балабановск ауылы, Павлов хуторының тумасы.

Ұлы Отан соғысында ерлікпен  шайқасып, ажалға қарсы тұрған  ержүрек батыр Александр Старцев 1952 жылы Рубежин ауылына көшіп келген болатын. Бейбіт заманда да аянбай еңбек етіп, білім саласында,  сондай-ақ Приурал балық инспекциясының аудандық инспекторы болып қызмет атқарды. Қай қызметте болса да өзінің іскерлігін, жауапкершілігін көрсете білді. Бір сөзбен айтқанда, бейбіт өмірде қызу еңбектің қазанында қайнады.

Александр Тимофеевич  еткен еңбегіне лайықты «Ұлы Отан соғысының 2 дәрежелі» орденімен, «1941 – 1945 ж.ж. ҰОС-ғы Германия түбіндегі жеңісі үшін», «1941 – 1945 ж.ж. ҰОС  Жеңіске 20 жыл»,«1941 – 1942 ж.ж. ҰОС Жеңіске 30 жыл»,«Совет Армиясы және Флоты 30 жыл»,«1941 – 1945 ж.ж. ҰОС Жеңіске 40 жыл»,«1941 – 1945 ж.ж. ҰОС Жеңіске 50 жыл»,«СССР Қарулы Күштері 60 жыл»,«1941 – 1945 ж.ж. ҰОС Жеңіске 65 жыл»,«ҰОС жылдары қайраттылығы мен ержүректігі үшін»,« Астанаға 10 жыл», «1941 – 1945 ж.ж. соғыс Ардагері», «1941 – 1945 ж.ж. ҰОС Жеңісінің 55 жылдық мерекесіне орай» төсбелгілерімен марапатталды.

Жүздесу барысында соғыс ардагері хал-жағдайын сұрай келген басшыларға ағынан жарылып рахметін жаудырды.

Айта кетейік, қарт майдангердің мерейтойына орай ауылдық округ мекемелері арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Бұл спорттық шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан «Рубежинское» АӨК жетекшісі А.Рубцовтың еңбегі зор.

 

Ж.Досмурзина

Рубежин ауылы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале