4.07.2015, 10:36
Оқылды: 17

Қару тапсырған азаматтарға 43,6 млн. астам теңге төленді

KAru    Батыс Қазақстан облысында тұрғындардың травматикалық қару тапсыру ісі жалғасуда.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, күні бүгінге дейін азаматтар 961 қаруды өз еріктерімен тапсырды, бұл - ішкі істер органдарында есепке қойылған қарудың 68,4 пайызы.

Тұрғындардан травматикалық қару сатып алуға биыл республикалық бюджеттен 43 млн. 969 мың теңге бөлінсе, қазіргі таңда соның 43 млн. 650 мыңнан астам теңгесі төленді.

Айта кетейік, травматикалық қаруды уақтылы тапсырмағандар 2016 жылдың 1 қаңтарынан ҚР ҚК 287-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

     www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале