19.05.2016, 10:17
Оқылды: 32

Қару тапсыр да қаржыңды ал

Zelenov karu tapsir da    Үстіміздегі жылдың 15 сәуірінен бастап, еліміз бойынша тұрғындарда сақтаулы тұрған қару-жарақтарды сатып алу акциясы өтуде. Бұл мақсатта ел бюджетінен 10 миллион 047 мың теңге қаржы бөлінген. Сатып алынатын қару үш категория бойынша қабылданады.


     Мәселен 1 категория бойынша бұрын ешқашан пайдаланылмаған және ешқандай ақауы жоқ қарулар жатады. Бұндай қаруды тапсырған азаматқа 212100 теңгеден 21210 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Ал,екінші категория барысында бұрын пайдаланылған техникалық ақаулары бар және де сыртқы түрі бүлінген, техникалық ақаулары жөндеуге келетін қарулар жатады. Екінші категорияға жататын қаруды тапсырған тұрғындар 148470 теңгеден, 14874 теңге қаржы ала алады.

   Техникалық жағдайы жөндеуге келмейтін, пайдаға аспайтын және сыртқы келбеті бүлінген қару 3-категорияға жатқызылған. Бұндай қаруды тапсырған азаматтар 63630 теңгеден 6363 теңге көлемінде қаржы алады.

     Сондай-ақ, жарылғыш заттар мен оқ дәрі тапсырған азаматтар да сыйақы алады. Мина я болмаса граната тапсырған тұрғын 14847 теңге, жарылғыш заттың әр келісіне 12726. 5,6 милиметрлік оқ тапсырғандарға оқтың калибріне қарай 60600 теңгеден 18400 теңгеге дейін қаржы беріледі. Ал криминалист маман жарылғыш зат немесе қару деп таппаған, тіркеуде тұрған, қолдан жасалған оқ-дәрілер мен травматикалық қаруларға салынатын оқтарды тапсырған азаматтарға сыйақы берілмейді.

    Зеленов аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Жантемір Иманалиевтің айтуынша, акция басталған бір айдан астам уақыт ішінде аудан тұрғындары өздерінде сақтаулы тұрған қаруларын тапсырмаған. Осы ретте тұрғындарға еш жерде тіркеуде жоқ қаруларды тапсырулары сұралады. Бұл біріншіден өзіміздің сақтығымыз, екіншіден тіркеусіз қарудан пайдалы құтылудың жолы. Болашақта акция аяқталған кезде құжатсыз қаруларға айыппұл сылынып, рәсімдеу қиындаған кезде сан соғып қалмаңыздар.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале