14.06.2016, 17:54
Оқылды: 24

Қарыздың күліп келетіні рас екен...

karyz   «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының ІІ бағыты – кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарда дамыту бойынша Ақжайық ауданында несие серіктестіктеріне кепілдіксіз 511 млн. теңге  несие берілген еді. Соның 371,2 млн. теңгесі биылғы 1 сәуірге дейін қайтарылуға тиісті болатын.

  Аталған күнге дейін қазына қоржынына қайтарылғаны 210,2 млн. теңге. «Ал қалған қаржыны қайтару шындығын айтқанда, біраз күшке түсіп отыр»,- дейді жұмыспен қамту бағдарламалар бөлімінің директоры  Бақтыгүл Ержанова. Амал жоқ, 34 іс сотқа берілді.


   Сот шешімі бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қазір жұмыс үстінде. Ең көп берешегі бар бір несие серіктестігінің мойнында 17 млн. теңге бар екен. Сот орындаушыларына несие серіктестіктерінің біраз мүшесі ұстатпай жүрген көрінеді. Кәдімгі, үйлерінде тығылып, шықпай отырғандар бар. Сот орындаушыларының сондай 11 адам үстінен полицияға шағымдануға тура келіп отыр.

www.zhaikpress.kz
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале