16.07.2015, 14:48
Оқылды: 19

Қарыз қайтарымы көңіл көншітпейді

Janakala kariz kaitarimi konil konshitpeidi   15 шілде күні көшпелі кеңес отырысы Жаңақала ауданында өтіп, оған БҚО энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Қ.Шарафутдин, «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұлттық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Д.Таханов, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Т.Шиниязов, басқа да сала мамандары арнайы келіп қатысты.

Кеңес жұмысын Жаңақала ауданының әкімі Л.Хайретдинов жүргізіп отырды.

Кеңесте БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Қ.Шарафутдин аталған бағдарлама қаржысы қайтарымының облыстағы жағдайын әңгімеледі.

Қарызы қордаланып отырғандардың бірі – біздің ауданымыз. 2012 жылы ауданға 130 млн. теңге  қаржы бөлініп, 15 көпқабатты үйдегі 226 пәтер жөндеуден өткен еді.

Күні бүгін бағдарлама  қаржысының қайтарылымы 9 пайыз ғана. Яғни 2875 мың теңге қайтарылды.

Бүгінге дейін 42 адамға тұрғын үй көмегі берілді. 2484,5 мың теңге сол арқылы қайтарылған қаржы. Қынжыларлығы – үйлерін жөндетіп алған жерлестеріміз Үкімет қаржысын қайтаруға тым құлықсыз. Тіпті «түйелері көпірден өткесін» келісімшартқа қол қоюдан да бас тартқандар көп. Түсіністік танытқан 99 пәтер иелері ғана.

Сондықтан, қарызын қайтармағандар сотқа берілуде. Бүгінге дейін 38 пәтер иесі сотқа берілген. Сот арқылы өндірілуге  тиісті 1536,5 мың теңге болса, өндірілгені 266,7 мың теңге. Тағы 12 пәтер иесінің құжаттары сотқа әзірленуде. Бұл жайды «Қамыс-Самар» ЖШС директоры Ғ.Мирманов мәлім етті.

www.zhaikpress.kz

Өмірзақ Ақбасов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале