21.09.2015, 13:27
Оқылды: 31

Қасақана улаған

Zelenov kasakana ulanu      Өткен тамыз айының соңғы күні Зеленов ауданы Садовое ауылында 1956 жылғы Н.есімді азаматшаны ажал құшқан. Кісі өлімінің себебін жіті тексеру барысында оның қасақана уланғаны белгілі болған.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жүргізген тергеу нәтижесінде марқұммен бірге тұрған 33 жасар О. есімді азаматша күдікті ретінде танылып, тергелген. Тергеу барысында күдікті марқұмның тамағына сіркесу қосып бергендігін мойындаған.

Азаматша О-ның не себепті қылмысқа барғандығы анықталуда.

www.zhaikpress.kz

Динара Беріш

Зеленов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале