17.06.2016, 12:46
Оқылды: 28

Қасиетті Рамазан айындағы «Қайырымдылық керуені»

????????????????????????????????????

   Рамазан – игі істерді мейлінше көптеп жасайтын ай. Себебі, бұл айда жасалған әрбір игі іс үшін берілер сауап та көлкөсір. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Осы айда Аллаға бір ізгі қасиетпен жақындаған жан басқа уақытта парыз орындағандай. Ал осы айда парыз амалын орындаған адам басқа уақытта жетпіс парыз орындағандай» - деген екен.

   Бүгін қасиетті айдың құрметіне орай Қаратөбе ауданында «Қайырымдылық керуені» ұйымдастырылды.


   Аудан әкімі Асхат Шахаров бастаған топ аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы т.б отбасыларында болып, оларға сый-сияапат жасады.

    - Рамазан – қайырымдылық айы. Бұл айдағы игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз.

   Рамазан – тәлім мен тәрбие, жасаған жақсылықтардың сауабы еселеніп жазылатын, Жаратушы Иеміздің жарылқауына, рақымына бөленетін ай. Олай болса, Алланың теңдессіз сыйына ізгі де, қайырымды іс-әрекеттерімізбен қол жеткізуде аянып қалмайық! Имандылығымызды күшейте түсейік! - деді аудан басшысы Асхат Берлешұлы.

 «Қайырымдылық керуені» шарасына аудан тұрғындары, мекеме басшылары, қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, аудандық мәслихат депутаттары белсенділік танытты.

   Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқалидың айтуынша, аудан бойынша жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, халықтың күнкөрісі төмен тобы мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызметтерді көрсету және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу бойынша іс-шаралар Қаратөбе ауданның аумақтық дамуының 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылады.

    Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындалып, төленуде. Ағымдағы жылы жәрдемақы төлеуге бөлінген қаражаттың көлемі 25100,0 мың. теңгені құрайды.

   Қаратөбе ауданы әкімінің «Қаратөбе ауданында тұратын аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы» қаулысына сәйкес бір жолдық материалдық көмек 1082,6 мың. теңге сомасында 40 адамға көрсетілді.

www.zhaikpress.kz
Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале