29.08.2016, 16:08
Оқылды: 20

Қастерлі құжаттың мән-маңызын саралады

конференция мемкызметСәрсенбіде облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 30 тамыз – ҚР Конституциясы күні мерекесіне орай үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, мемлекеттік қызметшілердің, ғалымдардың қатысуымен «Ата Заң – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолын белгілеген Қазақстан халқының тарихи таңдауы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның модераторы  аталмыш  департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин мемлекет саясатының түп қазығы Ата Заңның бүгінгі қағидаттары,  қалыптасу жолдары жайында әңгімеледі. Орал қалалық әділет басқармасының басшысы Естай Рашқалиев, КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Гаухар Кайырлиева, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Әзілхан Мұқашев, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  тарих, экономика  және құқық факультеті  деканының орынбасары, тарих ғылымдарының магистрі Назгүл Сабырғалиева өз баяндамаларында Тәуелсіздік пен тұрақтылықтың теңдессіз тартуы, берік тұғыры, дербес мемлекеттігімізді көрсететін қастерлі құжаттың мән-маңызын ашып берді.

Басқосуда «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасының қоғамдық қабылдауының жұмысы таныстырылды. Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының және мемлекеттік қызмет саласында, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына байланысты сұрақтарға кеңестік көмек көрсету болып табылады. Бүгінде бұл жобаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық альянсы» қауымдастығы» ЗТБ іске асыруда.

Гүлнар  Шәңгерей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале